LED-экранды қалай таңдауға болады

Модельді өзіңүз таңдау міндетті емес — бұл біздің жұмысымыз. Бірақ нені есептейтінімізді түсінгіңіз келсе, міне, бастысы қарапайым тілмен.

Анықтығы: пиксель қадамы

LED-экран жарқырайтын нүктелерден тұрады. Олардың арасындағы қашықтық пиксель қадамы деп аталады және миллиметрмен жазылады: 1,25 мм, 2,5 мм, 3 мм. Қадам неғұрлым ұсақ болса, жақын жерден қарағанда сурет соғұрлым анық болады және экран соғұрлым қымбат тұрады.

Ұсақ қадам көрермендер жақын отырғанда қажет: келіссөз бөлмесінде немесе қабылдау үстелінің қасында. Егер алыстан қараса, үлкен қадам да дәл сондай анық көрінеді, ал экран арзанырақ түседі. Мысалы, 1,25 мм қадамы бар Unilumin UMini P1.2 кабинеті үшін өндіруші 1,2 м-ден басталатын қарау қашықтығын көрсетеді.

Каталогтағы құрастырмалы экрандар

Өлшемі

Өлшем ең алыстағы көрерменге қарап есептеледі: мәтін мен бет-әлпет соңғы қатардан көрінуі тиіс. Дайын экрандар стандартты өлшемдерде шығарылады, ал құрастырмалы экрандар қабырғаның ені мен биіктігіне сай блоктардан жиналады.

Жарықтығы

Бөлме ішіндегі экранға орташа жарықтық жеткілікті, ал тым жарық экран көзді қариды. Витрина мен көшеде экран күн сәулесін басып озуы керек, сондықтан олар үшін жарқырауық модельдер алынады.

Дайын немесе жиналмалы

Дайын «барлығы бір жерде»

Үлкен теледидар сияқты: іліп қосып қоясыз. Басқару және дыбыс жүйесі ішінде орналасқан.

Жиналмалы

Қабырға немесе сахнаға арналған кез келген өлшемдегі блоктардан құрастырылады. Оған қаңқа, басқару блогы және баптау қажет.

Каталогтағы дайын экрандар

Тағы не кіреді

Экранның өзінен басқа бекітпе немесе қаңқа, плеер немесе басқару блогы, кабельдер, монтаждау және баптау қажет. Коммерциялық ұсыныста біз мұның бәрін бөлек жолдармен көрсетеміз.

Сұрақтар мен жауаптар

Өтінім қалдыру үшін пиксель қадамын білу міндетті ме?

Жоқ. Экранның қай жерде орналасатынын және оған қай жақтан қарайтынын айтып беру жеткілікті.

Қай пиксель қадамы жақсырақ?

Ең жақсысы деген жоқ: ұсақ қадам жақын жерге, үлкен қадам — алысқа қажет. Сіздің қашықтығыңызға қажеттіктен де ұсағын алу — артық ақша төлеу.

Өтінім

Экранды таңдау

Экранның қайда қажет екенін айтыңыз. Модельдер мен техниканы өзіміз таңдап, сізге қоңырау шаламыз және нұсқаларды қарапайым тілмен түсіндіреміз.

Есептеу тегін және еш міндеттемейді.